Posts Tagged ‘Айбек Тасқали’

Асхат ШАХАРОВ, Самбодан Әлемнің үш дүркін чемпионы: Карьерамды жеңіспен аяқтадым

February 3, 2011

– Асхат, алғашқы жеңісің есіңде ме?
– 2000 жылы Украинада самбодан ересектер арасында өткен халықаралық жарыста тұңғыш рет жеңіске жеттім. Ал дзюдо күресінен Жапонияның Осака қаласында өткізілген Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, Сидней Олимпиадасына тікелей жолдама алдым. Сол себепті, осы екі жеңісімнің мен үшін орны ерекше.
– Самбодан әлемнің үш дүркін чемпионысың, спорттағы жетістіктеріңнің кілті неде?

– Біріншіден, аянбай жаттығудың жемісі ғой. Мәселен, 12 жыл бойы спортпен үздіксіз айналысқаннан соң ғана үлкен жеңіске жеттім. Спортта оңайлықпен жеңіс келмейді. Екіншіден, спортшыға демеу көрсетіп, оны жаттықтыратын бапкердің, өзге де мамандардың еңбегі орасан. Осы ретте, 1997 жылдан бері бапкерім болған Асылбек Құлмағанбетовтің еңбегін ерекше атап өтсем деймін. Кез келген спортшы бапкерімен өзара түсінісіп, ортақ мақсатты көздесе ғана, жеңіс тұғырынан көріне алады. Сондықтан менің жеңіске жетуімнің бір сыры – тәжірибелі жаттықтырушының кездескендігі. Әрине, сосын тынымсыз жаттығудың нәтижесі.
– Спорттық карьераңдағы жеңістерге кеңінен тоқталсақ…

Read the rest of this entry »

«Жігіттер» квартеті: Бізді бұл өмірде ешкім де айыра алмайды…

February 3, 2011

Айдар Байжанов, Ердос Қанаев, Бағлан Әбдірайымов, Мырзахан Махановпен, яғни «Жігіттер» квартетімен жақында концерттердің бірінде кездесіп, аз-кем әңгімеге тартқанымыз бар-ды. Өнер иелерімен өрбіген сұхбатымызды «Күйтабаққа» ұсынып отырмыз. Танысыңыз…

– Соңғы кездері сахнадан көп көрінбеулеріңізді немен түсіндіресіздер?
Айдар: – Олай деп айтуға болмас. Сахнаға шықпай, болмаса түсірілімдерге қатыспай қалған күніміз жоқ. Ретіне қарай шақырған концерттердің барлығына да үлгеруге тырысамыз. Қысқасы, квартет жұмысын бұрынғы қарқынмен жалғастырып жатыр.
Мүмкін, бұған гастрольдік сапарларымыздың да өзіндік әсері бар болар. Өйткені, кейбір кездері айлап үй көрмей, еліміздің аудан-аймақтарын аралайтынымыз бар. Сол себепті, оңтүстік астанада ұйымдастырылатын кейбір кештерден қалыс қаламыз. Жалпы алғанда, бәрі де баяғыдай, әйтеуір мүмкіндігімізше еңбек етіп жатырмыз ғой.
– Дегенмен, бастапқымен салыстырсақ, бүгінгі «Жігіттердің» бәсі сәл төмендеген сияқты…

Бағлан: – Өзіңіз айтпақшы, бәлкім, қазіргі таңда сәл төмендеген де шығармыз. Бірақ құлдырап кеттік деуден аулақпын. Бұған қоса оның да өзіне тән себептері бар… Біріншіден, біз құрылған 2003 жылдан бері қазақ эстрадасына көптеген топ дүниеге келді. Яғни, әншілер, соған сай түрлі музыкалық жанрлар, бірнеше бағыттағы әндер жарыққа шықты. Арасында біздің «көшірмелеріміз» де кездеседі. Бұның өзі сіз айтып отырған жайтқа септігін тигізбей қоймайды. Одан бөлек, жеке өмірімізге байланысты өз-өзімізге аз-кем шығармашылық үзіліс жарияладық. Сондай-ақ өзге де себептердің болуы да ықтимал. Әйткенмен, жоғарыда айтқанымыздай, біздің бергенімізден береріміз көп, шығар шыңымыз әлі алда.

Read the rest of this entry »

Гүлназ ӘЛІМГЕРЕЙ, «Қазақстан ханымы-2010» байқауының жеңімпазы: Отағасымен осындай бір байқауда танысқанмын

February 3, 2011

Жуырда Алматыда өткен «Қазақстан ханымы-2010» байқауында тәж иесі атанған Гүлназ Әлімгерей – «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі. Ол биылғы жылы өтетін «Әлем ханымы» сайысына еліміздің атынан қатысады.

– «Астана ханымы – 2010» байқауында жеңіске жетіп, кейіннен «Қазақстан ханымына» жолдама алғаныңыз белгілі. Сіздіңше, аймақ пен республикалық сайыстың айырмашылығы неде болды?
– Мұны «Сұлулық сайысы» деп ойлайтындар қателеседі. Сайыста «мисстегідей» тек сыртқы сұлулыққа ғана мән берілмейді, қатысушының ой-өрісі, өнері, көпшілік алдында өзін қалай ұстайтыны да басты назарға алынады. Ал ерекшелігіне келер болсақ, екі байқаудың айырмашылығы көп. Мәселен, «Астана ханымында» әр қатысушы жеңістен үмітті екенін білдіріп, бар ынта-ықыласымен бақ сынады. 15 қатысушы аспаздық шеберліктерін көрсетті. Білімдері мен біліктерін ортаға салды. Бір айта кетерлігі, Астанадағы байқауда балаларымызбен бірге өнер көрсетуге мүмкіндік алдық.
«Қазақстан ханымы» сайысында «сен тұр, мен атайын!» деген еліміздің 7 аймағынан суырылып шыққан 15 қатысушы өз өнерлерін паш етті. Әр кезеңнің талаптарын барынша жан-жақты орындауға тырысып, жеңістен басында-ақ дәмелі екенімді жасырғаным жоқ. Сөйтіп, қарсыластарымнан оқ бойы озып шығып, «Қазақстан ханымы» атандым.

Read the rest of this entry »

«АТАМАНДАРДЫ» АУЫЗДЫҚТАҒАН АЙГҮЛ

February 2, 2011

Алғаш кездескенде көзге талдырмаш, нәзіктеу болып көрінгенімен, күреспен айналысқан Айгүлдің осал емес екенін аңғаруға болады. Оған жас спортшының жетістіктері айқын дәлел. 7 жасында өзге құрбы-құрдастары қуыршақтарымен қоштаса алмай жүргенде, Айгүлдің спортқа деген қызығушылығы оянып, ата-анасына жекпе-жекке жақын екендігін білдіргені бар. Сол үшін «қыз балаға спорттың керегі жоқ» деген сөз де естіген-ді. Мектеп қабырғасын енді аттаған Айгүл үлкендердің шешіміне келіскендей болды.

Read the rest of this entry »

ДӘМХАНАДА ӨТКЕН 1 КҮН немесе МЕН ҚАЛАЙ ДАЯШЫ БОЛДЫМ?

February 2, 2011

Бір күні достарыммен бірге дәмханаға барғанмын. Сол кезде достарымның бірі: – Даяшылардың бірін зыр жүгіртіп қойсақ қайтеді? – деп бізге қарап қулана жымиып қойды. – Қалай?! – дедік жарыса, таңданысымызды жасыра алмай. – Ол оп-оңай! – деп маңғазданып қойды. – Қазір көресіңдер… Осылай деген ол: – «Официант!» – деп бар дауысымен айғайлады. Лезде жанымыздан табылған жасы шамамен 20-ға келген жас қыз: – Құлағым сізде, айта беріңіз… Не әкелейін?.. – деді бізге сұраулы жүзбен қарап. – Бізге бір шәйнек шай әкеліңіз… – Жақсы, қазір 10 минутта дайын болады. – Ау, шай бар емес пе?! Тағы неге алдыртып отырсың?! – дедік түкке түсінбей. – Ничего, қазір көресіңдер… Байғұс даяшы қыз шайды әкеліп еді, әлгі досымыз: – Мынау шай тым ыстық қой, сәл суығанын әкеліңіз, – деп қайтарып жіберді. Содан соң, «клиент всегда прав» деп ыржиып қояды. Даяшылардың «клиенттердің» «мазағына» қалай шыдап жүретініне таңғалғанмын сонда. «Даяшылықтың қызығы мен шыжығы неде? «Официанттық» жұмыстың өзіне тән ауыртпалығы қандай? Олар күніне қанша табады?» деген сынды сауалдарға жауап іздеп қана қоймай, бір күн даяшы болуға бел будым.

Read the rest of this entry »

АҚИЫҚ АҚЫН АТАУСЫЗ ҚАЛА МА?..

February 2, 2011

 

БиылҚазақстанның халық ақыны, айтыскер әрі жыршы Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 150 жыл толды. Халық арасында жұртшылықты шырқау шығармашылығымен һәм шырайлы шабытымен әрдайым таңғалдырып отырған өнер иесі кейінгіге мол мұра қалдырған. Бүгінгі таңда оның 15-тен астам поэмасы, бірнеше айтысы мен көптеген өлеңдері, сондай-ақ толғаулары да бізге жетіп отыр.

Read the rest of this entry »